Оған сәйкес, мемлекеттік бюджеттің шығыстары 2023 жылдың 1 тоқсанында 5 963,1 млрд теңгені құрады, деп жазады inbusiness.kz.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,6%-ға немесе 1 361,6 млрд теңгеге артық.
"Бюджет шығындарының функционалдық топтары бөлінісінде мынадай жағдай байқалады. Білім беру шығындары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,2% -ке, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға – 19,8% - ке, көлік пен коммуникацияға-44,8% - ке өсті", – деп хабарлады Экономикалық зерттеулер институты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу