Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығына алғаш рет "Креативті қызмет" номинациясы қосылды

507

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты. 

Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығына алғаш рет "Креативті қызмет" номинациясы қосылды Фото: ҚР Жастар және отбасы істері комитеті

Зерендіде министрліктің ұйымдастыруымен өткен “Әділетті Қазақстан - адал азамат” жастар академиясында министр сөз сөйледі.

“Өздеріңізге белгілі, соңғы жылдары елімізде креативті индустрия қарқынды дамып келеді. Талантты жастарымыз әртүрлі салада жарқырап көрініп, жемісті еңбек етуде.

Мемлекет басшысы да креативті индустрия саласына жіті көңіл бөлу керек екенін атап өткен еді.

Сондықтан биыл Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығына алғаш рет "Креативті қызмет" номинациясы қосылып отыр.

Бүгінгі кездесу нәтижелі боларына сенімдіміз және оны жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз,” - деді.

Айта кету керек, Қазақстанның барлық өңірінен келген 100-ден астам жас үш күн ішінде түрлі тренингтерге қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу