Мемлекеттік Дума РФ мен Беларусь арасындағы визаларды өзара тану туралы келісімді қарастырады

447

Мемлекеттік Думаға Ресей Федерациясы мен Беларусь үкіметтері арасындағы визаларды өзара тану туралы және шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың одақтас мемлекет аумағына кіруіне байланысты басқа да мәселелер бойынша келісімді ратификациялау туралы заң жобасы енгізілді. 

Мемлекеттік Дума РФ мен Беларусь арасындағы визаларды өзара тану туралы келісімді қарастырады Фото: mf.b37mrtl.ru/

Заңның тиісті жобасы (270097-8) сәрсенбіде Мемлекеттік Думаның заңнамалық қызметінің базасында орналастырылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Келісімге Минскіде 2020 жылдың 19 маусымында қол қойылды. Оның негізгі мақсаты - шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың Ресей-Беларусь шекарасынан өту тәртібін реттеу үшін құқықтық база құру.

Келісім қабылданған жағдайда, шетелдіктер екі елдің біреуінің визасы мен жеке басын куәландыратын құжаттарымен екі мемлекеттің аумағы бойынша келу, кету, болу, транзитпен жүру құқығына ие болады.

Сондай-ақ, Келісім бір тараптың уақытша тұруға рұқсаты, тұруға ықтиярхаты не халықаралық спорттық іс-шараға бару үшін құжаты мен жеке басын куәландыратын құжаты бар шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың аталған құжаттардың қолданылу мерзімі ішінде екінші тарап мемлекетінің аумағы бойынша транзитпен келуге, кетуге, жүруге құқығы бар екенін көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу