Мемлекеттік емес сот-сараптама ұйымы құрылады

827

Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мемлекеттік емес сот-сараптама ұйымы құрылады

"Заң жобасы тәжірибедегі проблемалық мәселелерді шешуге, олқылықтарды жоюға, сот-сараптама қызметі саласындағы құқықтық реттеу тәртібін белгілеуге бағытталған. Сот-сараптама қызметінде жаңа субъект – Мемлекеттік емес сот-сараптама ұйымы құрылады. Бұл жеке сот сарапшыларының жұмысын одан әрі дамытуға және институционалды нығайтуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде жеке сот сарапшыларының сот-сараптама қызметі үшін материалдық-техникалық, зертханалық және ғылыми база құру ресурстары бір жерге шоғырланады. Бұл өз кезегінде сот сараптамасы мемлекеттік аппаратының жүктемесін жеңілдетіп, сараптама жүргізу мерзімін айтарлықтай қысқартады", – деді депутат Снежанна Имашева. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу