Мемлекеттік еңбек инспекторлары 15 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

410

Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 15 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады Фото: gov.kz

1 шілдедегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 503 кәсіпорны 17 мың жұмыскерге 4,2 млрд. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 593 нұсқама беріліп, 83,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 15,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 4 млрд теңге төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу