Мемлекеттік энергетикалық қадағалау органының функциясы күшейтілмек

Министрлік заңнамаға түзетулер әзірлеуде. 

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау органының функциясы күшейтілмек Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазіргі уақытта Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес субъектілерді тексеру нормативтік құқықтық актілердің талаптары көрсетілетін тексеру парақтары негізінде жүргізіледі. Бірақ тексеру парақтарына НҚА-ға жатпайтын Жергілікті пайдалану нұсқаулықтарында және өндіруші зауыттардың нұсқаулықтарында көрсетілген энергия жабдықтарын пайдалану жөніндегі талаптар кірмеген. Бұл талаптар энергия кәсіпорындары мен тұтынушылардың энергия жабдықтарының тиісті техникалық жай-күйін қолдау үшін міндетті болып табылады", – деді министр.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Министрлік мемлекеттік энергетикалық қадағалау органының функциясын күшейту бойынша түзетулер дайындауда.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасына енгізді. Сондай-ақ мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның штат санын ұлғайта отырып, мемлекеттік энергетикалық бақылауды күшейту бөлігінде реттеушілік қызметке талдау жүргізілді", – деді министр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу