Мемлекеттік грант конкурсына қатысу мерзімі 2 күнге ұзартылды

926

Талапкерлердің грантқа түсу өтініштерін қабылдау мерзімі екі күнге, яғни 22 шілдеге дейін ұзартылды. 

Мемлекеттік грант конкурсына қатысу мерзімі 2 күнге ұзартылды

Бүгінде жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына 80 мың өтініш түскен. Осы жылы шекті балл жинағандардың жалпы саны – 103 мың.

Өткен жылмен салыстырғанда, шекті балл жинаған 88 мың түлектің 77 мыңы грант конкурсына қатысқан. Осы көрсеткішті ескере келе, биыл 92 мың өтініш түседі деген болжам бар. 

Айта кетейік, мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін үміткерлердің жеке куәлігі, ҰБТ сертификаты мен орта білім туралы аттестаты болуы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу