Мемлекеттік грант санының өсуі жұмыссыздар санын көбейтпей ме?

767

Бұл сұраққа Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

Мемлекеттік грант санының өсуі жұмыссыздар санын көбейтпей ме?

"Біз келесі жылдан бастап жаңа модельге көшеміз. Бүгінде "Мамандығым – болашағым" деген үлкен жоба бар. Ол былтырдан бастап қолға алынды. Сол жобаның аясында әр өңірде әр сала бойынша мамандықтардың тізімі жасалады. Басымдыққа ие, тапшы, сол өңірге қажет мамандықтар. Жоғары оқу орындарының оқу бағдарламалары сол тапшылықпен, сол талаппен ұштастырылады. Келесі жылдан бастап кез келген университет енді өңірлік экономикаға қажетті мамандықтармен ғана жұмыс істей алады. Біз ақырындап сол механизмді қарастырып жатырмыз", – деді ведомство басшысы.

Бұдан бөлек министр мемлекеттік грантқа оқыған студенттерді мамандық бойынша жұмыс істеуге міндеттеуге қатысты өз ойын білдірді. 

"Жеке пікірімді айтайын. Міндеттеудің керегі жоқ. Неге десеңіз, еңбек нарығы бүгінде өте тез ауысып жатыр", – деді Саясат Нұрбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу