Астанада полицейлер алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен 29 жастағы азаматты анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті өзін консалтингтік компания қызметкері ретінде таныстырып, мемлекеттік гранттарды рәсімдеуге көмектесетінін айтқан. Ол жәбірленушінің сеніміне кіріп, қысқа мерзімде грант алып беруге уәде еткен.
Кейін күдікті грантты мақұлдату, құжаттарды дайындау және ұйымдастыру шығындарын сылтау етіп, бірнеше рет ақша алған. Алайда уәде етілген грант берілмеген, ал қаражат жеке мақсаттарына жұмсалғаны анықталды. Жәбірленушіге 4 миллион теңге көлемінде шығын келген.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер күдіктінің өзге де алаяқтық фактілеріне қатысы бар-жоғын тексеруде.