"Мемлекеттік гранттар тиімсіз"

758

Жамбыл облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев осылай деп отыр.

"Мемлекеттік гранттар тиімсіз"

Оның сөзінше, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 167 гранттың 67-сі ғана іске асырылған. Яғни, 41 пайыздан аспайды.

"Мемлекет қаржысы мақсатсыз жұмсалуда. Сот шешімімен 13 жобаға берілген 33 миллион теңгені қайтардық. Қазір 17 жобаны қайтару үшін сотқа шағымдандық. 81 жобаны сотпен мәжбүрлеп қайтаратын боламыз", – деген ол гранттардың тиімсіздігі туралы тиісті органдарға қызметтік хат жолдағанын да жасырмады.

А.Сейсебаев Жамбылға мембағдарламалар арқылы бірінші тоқсанда 12,9 миллиард теңге бөлінгенін де мәлімдеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Алайда қазіргі таңда аймақтағы шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 23 пайыз ғана, республика бойынша 30-ақ пайыз.

"2020-2025 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында өңірдің Индустрияландыру картасына жалпы құны 1,8 триллион теңгені құрайтын 34 инвестициялық жоба енгізілген. Алайда аудан әкімдіктері әлі күнге дейін модернизациялау және өнім көлемін арттыру, кәсіпорынды одан әрі дамыту жөнінен нақты ұсыныстар берген жоқ", - деп атап өтті жергілікті әкімдік өкілі.

Әсел Мұратбекқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу