Мемлекеттік гранттардың құны артып, ЖОО оқытушыларының жалақысы өседі

1056

Асхат Аймағамбетов университет басшыларына әртүрлі форумдар мен тиімсіз іс-шараларға жұмсалатын шығындарды азайтуды тапсырды. 

Мемлекеттік гранттардың құны артып, ЖОО оқытушыларының жалақысы өседі

ЖОО оқытушыларының жалақысы өседі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аппараттық кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"ЖОО оқытушыларының жалақысы төмен. Сондықтан, мемлекет басшысы алға қойған міндеттерге сәйкес 2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттардың құны осы жылдың қыркүйегінен бастап ұлғайтылатын болады. Бұл қандай нәтиже береді? Ол оқытушыларға жалақыны көтеруге мүмкіндік беретін болады", – деді министр. 

Министр ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорына университет басшыларының штаты мен оқытушылардың жалақы мәселесін қайта қарауды, ал университет басшыларына әртүрлі форумдар мен тиімсіз іс-шараларға жұмсалатын шығындарды азайтуды тапсырды. 

Еске сала кетсек, оқу жылының басынан БҒМ-ге қарасты 25 ЖОО-да жалақы 20-дан 50% - ға дейін арттырылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу