Мемлекеттік гранттарға байқау қайта жарияланды

1037

2019 жылы әлеуметтік саланы қолдау және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттен ҮЕҰ-ға 3 миллиардқа жуық теңге бөлінеді. 

Мемлекеттік гранттарға байқау қайта жарияланды

Мемлекеттік гранттарға қайта конкурс жарияланды, деп хабарлайды "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ.  

2019 жылы әлеуметтік саланы қолдау және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттен ҮЕҰ-ға 3 миллиардқа жуық теңге бөлінеді. 2018 жылдың 29 желтоқсан күні жарияланған алғашқы байқауға 100 тақырып бойынша 253 ұйымнан 430 өтініш келіп түсті. Конкурс қорытындысы бойынша 46 тақырып өтпей қалды. Осыған байланысты орталық 2019 жылдың өтпей қалған тақырыптар бойынша қайта байқау жариялайды.

Сонымен қатар, жастар жылы аясында 24 жобаны іске асыруға бағытталған 2,3 млрд теңгеге қосымша байқау жарияланды.

Өтініштер 2019 жылдың 28 наурызы күні сағат 18.00-ге дейін қағаз және электронды түрде қабылданады. Қосымша ақпаратты www.cisc.kz ресми сайтынан және 8 (7172)  67 81 82, 67 81 91 телефон нөмірлерінен алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу