Мемлекеттік инспекторлар санын 2,5 есе көбейту жоспарлануда

1150

Еңбек инспекторларының аздығы ірі кәсіпорындарды үнемі бақылауда ұстауда қиындық тудырып отыр. 

Мемлекеттік инспекторлар санын 2,5 есе көбейту жоспарлануда Фото: primeminister.kz

Қазақстанда жыл сайын еңбек инспекторлары азайып келеді, деп хабарлайды 24.kz.

Қазір елімізде мұндай 260 маман ғана бар. Бүгін тілшілер алдына шыққан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі осылай деді.

Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, еңбек инспекторларының аздығы ірі кәсіпорындарды үнемі бақылауда ұстауда қиындық тудырып отыр. Бұдан бөлек, тексеріс жүргізуге заң жүзінде бекітілген шектеулер де ықпал ететін көрінеді. Сондықтан жауапты министрлік алдағы уақытта мемлекеттік инспекторлардың мәртебесін көтеріп, олардың санын 2,5 есе көбейтуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ баспасөз мәслихатында Біржан Нұрымбетов зейнетақы қорындағы қаражатты зейнет жасына жетпей жұмсауға қатысты қойылған сұрақтарға да жауап берді "Жеткілікті сома дегеніміз – зейнетақы есепшотында өмір бойы кемінде ең төменгі зейнетақы мөлшеріне алуға жеткілікті сома. Ер адамға сол есеп бойынша 8,2 миллион, әйел адамға 10,1 миллион теңге. Бұл зейнет жасына жеткен кезде. Соны әйел адам 21-22 жылға, ер азамат 17 жылға ең төменгі зейнетақы мөлшерінде алуға жеткілікті сома есептеледі. Оны ешкім белгілемейді",– дейді Біржан Нұрымбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу