Мемлекеттік қарыз көлемі 31,9 трлн теңгеге жетті

430

Бұл ЖІӨ-ге шаққанда 21,1 пайызға тең.  

Мемлекеттік қарыз көлемі 31,9 трлн теңгеге жетті Фото: time.kz

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 31,9 трлн теңге болды. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев Мәжілістегі жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева мемлекеттік қарыз мөлшері қандай екенін сұрады.

"1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 31,9 трлн теңгеге жетті. Бұл жалпы ішкі өнімге шаққанда 21,1 пайызға тең. Жалпы айтқанда, халықаралық институттар біздің мемлекеттік борыш жоғары деңгейде тұрған жоқ екенін атап өтті. Мемлекеттік қарыздың мөлшерін азайту үшін дефицитті төмендетіп, бюджеттің кіріс бөлігін арттыру керек", – деп жауап берді министр Мәди Такиев.

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу