Мемлекеттік қарыз ЖІӨ-ге шаққанда 32%-дан аспайды - Жамаубаев

Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында белгілі болды.  

Мемлекеттік қарыз ЖІӨ-ге шаққанда 32%-дан аспайды - Жамаубаев Фото: egemen.kz

Депутат Шәкәрім Бұқтұғұтовтың айтуынша, соңғы бір жылдан мемлекеттік қарыз 25,3 трлн теңгеге жеткен. Бұл ретте ол Ерұлан Жамаубаевтан еліміздің сыртқы қарыздары бойынша толыққанды аудит жүргізу туралы сұрады.

"Мемлекеттік қарыз мәселесі Үкіметтің тұрақты бақылауында. Әлемде инфляцияның деңгейі өте жоғары екені белгілі. Сондықтан базалық мөлшерлеме да өскен. Бұл тұрғыда сырттан қаражат тарту немесе бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін іштен қарыз алу қымбатқа түседі. Әрине, инфляция деңгейі төмендесе, базалық мөлшерлеме азайса, бұл жүктеме біршама жеңілдейді. Қазір негізінен ішкі нарықтан қаражат тартып отырмыз. Мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімге шаққанда 32%-дан аспайды", - деді Е. Жамаубаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу