Мемлекеттік қарызды басқарудың бірыңғай тұжырымдамасы әзірленеді

970

Алдағы 25 жылда елдің шығыстары 6 есеге жуық өсуі мүмкін.

Мемлекеттік қарызды басқарудың бірыңғай тұжырымдамасы әзірленеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп келе жатқанына назар аударды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алайда оны басқарудың бірыңғай тәсілдері жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысы жаңа тұжырымдама әзірлеуді тапсырды.

"Еліміздің ішкі және сыртқы қарыздарын басқару сапасын жақсарту керек. Бұл мемлекеттік бюджеттің ұзақ мерзімді тұрақтылығы және біздің бюджеттің тұрақтылығы туралы мәселе. Мемлекеттің қабылдаған және жоспарланған міндеттемелерін орындау үшін алдағы 25 жылда шығыстардың 6 есеге жуық өсуі күтілуде", – деді Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, 2025 жылға қарай үкіметтік қарыз құрылымындағы сыртқы қарыз үлесі 21%-дан 49%-ға дейін өседі деп болжануда. Сонымен бірге сыртқы қарыздардың көп бөлігі шетел валютасында алынған. 

"Квази және мемлекеттік секторларда да айтарлықтай қарыз ауыртпалығы бар. Сонымен бірге, бізде мемлекеттік қарызды басқаруға қатысты тәсілдер туралы әлі күнге дейін бірде-бір құжат жоқ. Қысқасы, ойланатын мәселе. Үкіметке мемлекеттік және квази мемлекеттік қарызды басқару тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар ол Ұлттық қор жинақтау режимінен тұтыну режиміне көшкенін атап өтті

"Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер көлемі жыл сайын артып келеді. 2020 жылы ол бюджет кірісінің 40%-ын құраса, биыл бұл көрсеткіш 36%-ға тең болады", – деп түйіндеді Президент. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу