Мемлекеттік қаржыны басқарудың 2030 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасы қабылданады

1339

Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мемлекеттік қаржыны басқарудың 2030 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасы қабылданады Фото: primeminister.kz

"Салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру, оны одан әрі цифрландыру рәсімдердің ашықтығын және бюджет кірістерін арттыруды қамтамасыз етеді. Өңірлердің бюджеттік дербестігін нығайту үшін бюджетаралық қатынастарды реформалау жүзеге асырылатын болады", – деді Смайылов.

Айта кетейік, жиында Премьер-Министр Әлихан Смайылов елді дамыту үшін атқарылған шаралар мен үкіметтің алдағы жоспары туралы баяндады.

Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында бизнеске арналған мемлекеттік қолдау мен преференциялар шараларына талдау жүргізілетін болады. Сондай-ақ бюджеттен бөлінетін қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылау күшейтілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу