Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин сайлауда дауыс берді

579

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан N111 сайлау учаскесіне келді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин сайлауда дауыс берді Фото: Atameken Business

Бүгін – өте маңызды күн. Еліміздің әр азаматы өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, сайлау күні өз дауысын бере алады. Егер әрқайсымыз еліміздің, отбасымыздың болашағына жақсы өзгерістер керек десек, сайлауға міндетті түрде қатысып, өз дауысымызды беруіміз керек, - деді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік кеңесші биылғы кезектен тыс Президент сайлауына жан-жақты ерекше қызығушылық байқалатынын атап өтті.

Бүгінгі сайлау еліміздің болашақтағы бағдарын анықтайтын болады. Меніңше, қазір өтіп жатқан сайлау науқаны ел ішінде де, шетелде де үлкен қызығушылық тудыруда. Менің білуімше, елімізге 600-ден аса шетелдік бақылаушы келіп жатыр. Одан басқа, ел ішінен мыңдаған бақылаушы қатысып отыр. Бұл биылғы сайлау науқанына деген үлкен қоғамдық назарды аңғартады, – деді мемлекеттік кеңесші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу