Мемлекеттік кеңесші Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысын өткізді

301

Жиында білім және денсаулық сақтау салаларына қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспардың орындалу барысы қарастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекеттік кеңесші Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысын өткізді Фото: aqorda.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолға алынған бұл жұмыс тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды бөлігі болып саналады.

Талқылау қорытындысы бойынша Мемлекеттік кеңесші құқық қорғау және бақылаушы органдардың ақпаратына сәйкес тиісті мемлекеттік органдар тарапынан атқарылған жұмысқа қарамастан, аталған салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды күшейту қажет екенін атап өтті.

Осыған байланысты мүдделі мемлекеттік органдар алдында Кешенді жоспарды өзектендіру жөнінде міндеттер белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу