Мемлекеттік кеңесші "Таза Қазақстан" акциясына қатысты

270

"Таза Қазақстан" акциясы бір жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынды.

Мемлекеттік кеңесші "Таза Қазақстан" акциясына қатысты Фото: Ақорда

Бүгін елордада "Таза Қазақстан" жалпыұлттық науқаны аясында сенбілік ұйымдастырылды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бір топ мүшелерімен бірге ағаш отырғызды, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Мемлекеттік кеңесші "Таза Қазақстанның" экологиялық акция ғана емес екенін, оның бүгінде азаматтарымыздың мінез-құлқы мен ой-өрісіне ықпал ететін идеологияға айналып келе жатқанын атап өтті. Бұл идеологияның түпкі мәні – тазалық пен тәртіпті сақтау, табиғатты аялау, мәдениетсіздікке, вандализмге және қоғамдық тәртіпті бұзуға қарсы күрес. Осылайша, "Таза Қазақстанды" қалыптасып келе жатқан жаңа қоғамдық этиканың бір жарқын көрінісі деуге болады.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бір топ мүшелерімен бірге ағаш отырғызды.

Мемлекеттік кеңесші "Таза Қазақстанның" экологиялық акция ғана емес екенін, оның бүгінде азаматтарымыздың мінез-құлқы мен ой-өрісіне ықпал ететін идеологияға айналып келе жатқанын атап өтті. Бұл идеологияның түпкі мәні – тазалық пен тәртіпті сақтау, табиғатты аялау, мәдениетсіздікке, вандализмге және қоғамдық тәртіпті бұзуға қарсы күрес. Осылайша, "Таза Қазақстанды" қалыптасып келе жатқан жаңа қоғамдық этиканың бір жарқын көрінісі деуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу