Мемлекеттік кіріс комитеті Парижден алынған пәтер туралы ақпаратты тексеріп жатыр

1034

Мемлекеттік кіріс комитеті  Парижден алынған пәтер туралы ақпаратты тексеріп жатыр

ҚР мемлекеттік кіріс комитеті еліміздегі билік өкілінің Парижде 65 млн еуроға сатып алған пәтері туралы ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлайды Казтаг.

Жақында БАҚ қазақстандық шенеуніктің Парижден 65 млн еуроға ($75,8 млн) пәтер сатып алғаны туралы жарыса хабарлаған болатын. Mansion Global элиталы жылжымайтын мүлік халықаралық агенттігінің ақпарынша, бұл 2017 жылы Парижде жасалған ең ірі сатылым болған көрінеді. Журналистер осы мәліметке байланысты  бас прокурор Жақып Асановқа сұрақ қойды.

"Мен білемін, әрине. Баспасөз қызметі бар. Мен өзім де оқып отырмын. Бізде енді әр орган, өз ісімен айналысуы керек. Әркімнің міндеті нақты көрсетілген. Маған бүгінде бұл ақпараттың барлығын мемлекеттік кіріс комитеті тексеріп жатыр деп хабарлады. Сол тексеріс материалын көргеннен кейін менің ұстанымым қалыптасады", – деп жауап берді Жақып Асанов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу