Мемлекеттік кірістер департаменті бас маманының 40 млн теңге пара алғаны әшкереленді

566

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы әшкереленді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Антикорға" сілтеме жасап.

Мемлекеттік кірістер департаменті бас маманының 40 млн теңге пара алғаны әшкереленді

Ол "Ж" ЖШС директорынан ЖШС пайдасына салықтық тексерудің оң актісін шығарғаны үшін аса ірі мөлшерде 40 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген.

"Күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу мүддесінде және ҚР ҚПК 201-бабының тәртібінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды. Күдіктіге қатысты кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот қабылдайды", – дейді "Антикордан".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу