Мемлекеттік кірістер комитеті қараша айында төленетін салықтар туралы ескертеді

565

Мемлекеттік кірістер комитеті кейбір салық түрлері бойынша төлем мерзімі қараша айына сәйкес келетінін ескертеді. Бұл туралы комитеттің телеаграмм арнасында ескертпе жариялайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мемлекеттік кірістер комитеті қараша айында төленетін салықтар туралы ескертеді Фото: aikyn.kz

 

Хабарламаға сәйкес қараша айында төленуі тиіс салық түрлері төмендегідей: ⠀

 Жеке практикамен айналысатын тұлғаның жеке табыс салығы (ЖТС);

Акциздер + құрылымдық бөлімшелер үшін акциздер;

ЕАЭО шеңберінде импортталатын тауарларға жанама салықтар;

Төлем көзінен жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, әлеуметтік төлемдер;

Арнайы мобильді қосымшаның көмегімен арнайы салық режимі бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдер;

Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер;

Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы;

Қосылған құн салығы;

Экспортқа рента салығы;

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы;

Жер және мүлік салықтары бойынша ағымдағы төлем;

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем бойынша ағымдағы төлем;

Ойын бизнесіне салынатын салық;

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу