Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға үндеу жасады

235

Алаяқтар халықты алдаудың түрлі тәсілін қолданып жүр.

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға үндеу жасады Фото: freepik

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға ведомство басшылығы атынан мессенджерлер арқылы жіберілген жалған хабарламалар саны артқанын ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекеттік кірістер комитетінің Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сенсек, мекеме басшылығының атынан WhatsApp және Telegram арқылы жалған хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті. Хабарламаларды интернет-алаяқтар таратып отыр.

"Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды сақ болуға шақырады және мынадай кеңестер береді:

  • күмәнді хабарламаларға сенбеу;
  • бөгде сілтемелерге өтпеу;
  • белгісіз тұлғаларға ақша аудармау;
  • алынған хабарламалардың шынайылығын міндетті түрде тексеру", – делінген мекеме хабарламасында.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу