Отырыс барысында мемлекеттік кірістер органдарының 2016 жылы атқарған қызметінің қорытындылары талқыланды, сондай-ақ Елбасының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты биылғы Жолдауында мекеменің алдында қойған міндеттер аталып өтілді, деп хабарлайды қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Осыған байланысты, фискалдық орталықсыздандыру, бизнес шығындарын қысқарту, салықтық және кедендік әкімшілендіру жақсарту, аспаптарын жақсарту, бизнесті қаражатты көлеңкеден шығаруға ынталандыру сияқты және басқа да бағыттарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары егжей-тегжейлі пысықталып, белгіленді.
Сонымен қатар, салық тексерулерінің санын азайту, атап айтқанда рейдерлік тесерістерді қысқартуға қатысты қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың министрліктің өткендегі алқа отырысында берген тапсырмасын орындауға ерекше көңіл бөлінді.
Мысалы, комитеттің мұқиятты жан-жақты талдау жүргізуінің негізінде МКК деректер қорына чектердің деректерін онлайн берумен, бақылау-касса машиналарын қолданатын салық төлеушілерге қатысты рейдтік тексерулерді жүргізбеу туралы тапсырманы орындау тетігі ұсынылды.
Бұл рейдтік және хронометраждық тексерулерердің санын қысқаратын болады.