Мемлекеттік кірістер комитеті салық берешегін қалай дұрыс тексеру керектігін түсіндірді

174

Ақпаратты онлайн және офлайн режимінде алуға болады.

Мемлекеттік кірістер комитеті салық берешегін қалай дұрыс тексеру керектігін түсіндірді Фото: inbusiness.kz

Қазақстандықтарға салық берешегінің бар-жоғын қалай тексеру керектігі айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Маңғыстау облыстық кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Салық берешегінің бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында, электронды үкімет порталында немесе аумақтық салық департаментіне, сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталығына барған кезде онлайн режимінде тексеруге болады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің сайты – салық төлемдерін тексерудің негізгі ресурсы. Сайтқа kgd.gov.kz сілтеме бойынша өтіңіз, авторизация қажет емес.

Әрі қарай келесі қадамдарды орындаңыз:

  • "Басты бет", "Электрондық қызметтер", "Бизнеске көмек",
  • "Салық берешегінің жоқ / бар екендігі туралы мәліметтер" қойындыларынан өтіңіз.
  • Тиісті жолға ЖСН/БСН енгізіңіз.
  • Нәтижесінде сіз салықтардың түрлері мен олар бойынша берешек сомалары көрсетілген кестені көресіз. Егер берешек болмаса, онда тиісті хабарлама пайда болады.

eGov.kz порталы

  • Қызметті алу үшін сайтқа кіріп, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз.
  • Өтінімді толтырыңыз және жіберіңіз, бұл ретте ЭЦҚ талап етілмейді. Қарыз туралы мәліметтер "Сұрау/Жіберу" батырмасын басқаннан кейін пайда болады.

Kaspi.kz мобильдік қосымшасы

Берешекті төлеудің бұл түрі, әсіресе жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін ыңғайлы.

Қолданбаға кіргеннен кейін:

  • "Төлемдер", "Барлығы", "Айыппұл, салық", "Салық", "Салық бойынша борыш" бөлімдеріне кіріңіз.
  • ЖСН қолмен немесе Жеке Куәлігіңізден сканерлеу арқылы енгізіңіз.
  • "Тексеру" түймесін басыңыз.

Салық түрлері мен сомалары, сондай-ақ егер өсімпұл пайда болған жағдайда соммалары шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу