Мемлекеттік кірістер комитеті салық декларацияларының санын азайтады

Есеп нысандарының санын 30%-ға қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Мемлекеттік кірістер комитеті салық декларацияларының санын азайтады Фото: aussiedlerbote.de

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру аясында Мемлекеттік кірістер комитеті салық есептілігі нысандарының санын 30%-ға қысқарту бойынша жұмыс жүргізуде.

Жалпы, 2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін нысандар саны 
44%-ға немесе 70-тен 39-ға дейін қысқарды.

Нәтижесінде Мемлекеттік кірістер комитетінде бүгінгі күні бекітілген 39 салық есептілігі нысанының 20-ға жуық нысанын ғана қалдыру мәселесі қаралуда.

Сонымен қатар, оларды толтыруды жеңілдететін ақпараттық жүйелердің деректері негізінде декларацияларды алдын ала толтыру функционалын енгізу жоспарлануда.

Жаңа Салық кодексінің аясында нөлдік көрсеткішпен есептілікті тапсыру міндеттемесін алып тастау ұсынылып отыр. Осы норманы енгізу шоттарды бұғаттауды, әкімшілік айыппұлдар салуды, сондай-ақ әрекетсіз салық төлеушілердің тізіміне енгізуді болдырмайды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде ұсынылатын салық есептілігі нысандарының саны 33%-ға немесе 3 млн-ға жуық азаяды деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу