Банктер шетелдік интернет-сатушыларға жасалған төлемдер туралы ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетіне жолдайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мемлекеттік кірістер комитеті есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне дейін "Smart Data Finance" ақпараттық жүйесінде Қазақстан Республикасының аумағында интернет-платформа арқылы қызмет жүргізетін шетелдік компаниялардың тізімін жариялайды.
Төлем және банк ұйымдары есептік тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-іне дейін күнтізбелік тоқсан ішінде шетелдік компаниялардың пайдасына және олардың бөлінісі бойынша жүргізілген төлемдер мен ақша аударымдарының жиынтық сомалары туралы мәліметті мемлекеттік кірістер жөніндегі комитетке ұсынуға тиіс.