Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

865

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары қызметіне Бақытжан Слямов тағайындалды.  

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Бақытжан Оразғалиұлы Слямов, 1983 жылы туған.

2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша, 2009 жылы - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін қаржы бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы "Жеті Жарғы" ЖШС заң фирмасында заң кеңесшісінен бастап, директорға дейін жетті.

2009 жылдың қазанында ҚР Парламенті Мәжілісінің Кеңсесінде мемлекеттік қызметке депутаттың көмекшісі ретінде қабылданды, онда 2014 жылдың қаңтарына дейін жұмыс істеді.

2014 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың сәуіріне дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде сарапшы, кеңесші, инспектор болып жұмыс істеді.

2019 жылдың сәуір айынан бастап соңғы тағайындалғанға дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Адам ресурстары және ішкі басқару департаментінің директоры қызметін атқарды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу