Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

602

Бұл лауазымға Әнуар Сүлейменов бекітілді.

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды Фото: gov.kz

Премьер-Министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың 5 шілдедегі бұйрығымен Әнуар Сүлейменов Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Бүгін Қаржы министрлігінің Аппарат басшысы Ерғали Егемберді Ә.Сүлейменовті Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылық құрамына таныстырды.

Сүлейменов Әнуар Айдарұлы 1986 жылғы 24 мамырда Талдықорған қаласында дүниеге келген. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын "қаржы" мамандығы бойынша, Тұран университетін "құқық" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылғы қазан айында Алматы облысы бойынша Салық комитетінде жетекші маман қызметінен бастаған.

2010 жылғы шілдеден бастап Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түрлі құрылымдық бөлімшелерінде жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы болып жұмыс істеген.

2019 жылғы маусымнан бастап ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қашықтықтан мониторинг басқармасының басшысы, 2021 жылғы ақпаннан бастап әкімшілендіру департаментінің директоры, 2021 жылғы тамыз айынан ірі салық төлеушілер департаментінің директоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу