Мемлекеттік кірістер комитетінің 600 қызметкері жұмыстан қысқартылады

983

Мемлекеттік кірістер комитетінің 600 қызметкері жұмыстан қысқартылады

ҚР қаржы министрлігі салық пен кедендік тексеру санын қысқартуға байланысты мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлерін қысқартуды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚР қаржы министрлігінің  вице-министрі Руслан Бекетаев.

"Осы жылы біз кедендік және салықтық органдар тарабынан тексеруді азайтамыз. Тексеруге бағытталған біраз шаралар қысқарады. Сонымен қатар осы жұмыстарды атқарып жүрген қызметкерлердің санын кеміту қарастырылады", - деді ол үкіметте өткен баспасөз конференциясында.

Аталған министрліктің баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, осы жылы кәсіпкерлерді тексеру санын қысқарту жоспарланған. Тиісінше бұл мемлекеттік кірістер комитетінің штат санын бақылау-қадағалаумен айналысатын 600 адамға, яғни 37% қысқартуға мүмкіндік береді деп нақтыланған ақпаратта. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу