Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында шетелден қаражат алғандардың тізімі жариялануы мүмкін

523

Мемлекеттік кірістер комитеті шетелден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және өзге де мүлікті алған тұлғалар туралы деректер базасын жүргізу бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар дайындады, деп жазады inbusiness.kz. 

Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында шетелден қаражат алғандардың тізімі жариялануы мүмкін

Тисті құжатты жария талқылау 8 ақпанға дейін жалғасады. 

"Деректер базасында қамтылған мәліметтер, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес "Жариялануға жататын шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алатын адамдардың тізілімі" нысаны бойынша, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсында www.kgd.gov.kz орналастырылады", - делінген құжатта. 

Бұйрық қосымшасында жариялануға жататын шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және өзге де мүлік алатын адамдардың тізілімін жүргізу тәртібі де көрсетілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу