Мемлекеттік кірістер органдарының 53 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды

511

Оның ішінде 18 басшы да бар. 

Мемлекеттік кірістер органдарының 53 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды Фото: E-history.kz

Прокурорлар "Қоғамдық бақылау - түбіртекті талап ет" акциясын өткізіп, салық органдарының азаматтарға тауар чегін бермеуі бойынша бұзушылықтар бар екенін анықтады, деп жазады inbusiness.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, салық органдарының қызметкерлері шағын бизнес субъектілеріне қатысты тексерулер жүргізуге мораторийге қарамастан, қоғамдық бақылау түрінде жасырын тексерулер жүргізуде.

"Бизнес субъектілерінің қызметіне тексеру іс-шараларын ұйымдастыру арқылы заңсыз араласу фактілері анықталды. Салық органдарының қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалғанға дейін сауда орындарында кәсіпкерлерден сұхбат алып, олардан ақпарат талап етеді, яғни толыққанды тексерулер жүргізеді. Мысалы, "Медерхан" ЖК фискалдық чекті бермегені туралы өтініш бойынша Талғар ауданы (Алматы облысы) Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы сауда нүктесінің орналасқан жеріне барған. Нысанда ол кәсіпкерді және бақылау-кассалық машинаны тіркеу туралы құжаттарды талап еткен. Іс жүзінде тексеру жүргізілді. Деректер Кәсіпкерлік кодекстің, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің талаптарын бұза отырып алынған және дәлелдемелер ретінде саналмайды", - делінген хабарламада.

Прокурорлар қабылдаған шаралардың қорытындысы бойынша кәсіпкерді жауапқа тарту туралы қаулының күші жойылып, тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін лауазымды адамға әкімшілік айыппұл салынды.

Кейбір жағдайларда кәсіпкерлер өздерінің жауапқа тартылғанын білмеген. Бұған қоса бизнес субъектілеріне чектерді бермеу туралы жеткілікті дәлелдерсіз әкімшілік жазалар қолданылған.

Заң бұзушылықтар барлық жерде анықталғандықтан, Бас прокуратура Қаржы министрінің атына қадағалау актісін енгізді.

Мемлекеттік кірістер комитеті аталған акция шеңберінде келіп түскен шағымдарды пысықтау бойынша салық органдарының іс-қимыл алгоритмін әзірледі.

"Бүгінге мемлекеттік кірістер органдарының 53 қызметкері, оның ішінде 18 басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, 8 лауазымды тұлғаға әкімшілік жаза қолданылды. Әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы 346 заңсыз қозғалған қаулының күші жойылды", - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу