Мемлекеттік кірістердің 72%-дан астамын салықтық түсімдер құрады. Салықтық емес түсімдер бір жыл ішінде 28,2%-ға дейін артқан, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 32,8%-ға артып, 110 млрд теңгені құраған. Трансферттер түсімі де бір жылда 14,7%-ға өсіп, 2,4 трлн теңгеге дейін жеткен.
Осы жылдың қаңтар-маусым айлары бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісітері 9,9 трлн теңгені құраған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 36,8%-ға артық.
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары өткен жылға қарағанда 19,5%-ға өсіп, 9,7 трлн теңгеге жеткен.
Кірістер мен шығыстар арасындағы айырмашылық 188,1 млрд теңгені құрады.
Жартыжылдық қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет шығыстарының негізгі бөлігі білім беру саласына (2,3 трлн теңге) жұмсалған. Одан кейінгі орынды әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру (2,2 трлн теңге) саласы алады. Ал денсаулық саласына 977,6 млрд теңге қаржы жұмсалған.
Бір жыл ішінде қорғанысқа жұмсалатын шығыстардың артуы байқалған.