Мемлекеттік қолдау алу ықтималдығы жоғары компаниялар анықталды

871

Fitch Ratings үш ұлттық басқарушы холдингтің рейтингін растады.

Мемлекеттік қолдау алу ықтималдығы жоғары компаниялар анықталды

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі үш ұлттық басқарушы холдингінің рейтингін растады:

– "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ
–"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 
– "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 

Fitch Ratings агенттігі мемлекетпен байланысты компанияларды зерттеп, рейтингілерін растады. Агенттік қарастырған компаниялар Қазақстанның жүргізіп отырған саясаты аясында стратегиялық тапсырмаларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік агент ретінде қызмет атқаратыны ("BBB"/болжам /"Тұрақты"/"F2") туралы пікірін білдірді.

Сондай-ақ, агенттік қажет болған жағдайда мемлекет тарапынан осы компанияларға қолдау көрсетілуінің ықтималдығы жоғары екенін де анықтады.

Қарастырылып отырған эмитенттерді бағалау нәтижелері бойынша, мемлекетпен байланысты компанияларды рейтингілеу агенттігінің әдіснамасына сәйкес, компаниялардың әрқайсысына скорингтік балл берілді. Бұл балл олардың өз бетінше несие қабілеттілігіне қарамастан, рейтингтерін тәуелсіз эмитенттердің дефолт рейтингтерімен ("ЭДР") теңестіруді қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу