Мемлекеттік қолдау шараларына бөлінген ақшаның әр тиыны бақылауда болады

621

Бұл туралы Қаржы министрлігі Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Еркін Беркешевтің мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Мемлекеттік қолдау шараларына бөлінген ақшаның әр тиыны бақылауда болады

"2020 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қаржы министрлігі мемлекеттік қолдау шараларына бөлінген қаражатқа мониторинг жүргізу жүйесін іске қосты. Тиісті әдістеме әзірленді. Бұл ретте бағалау 3 көрсеткіш бойынша жүргізілді. Бұл – бюджеттік, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық тиімділік көрсеткіштері", – деді спикер. 

Қазірдің өзінде 2015-2021 жылдар аралығындағы кезеңде көрсетілген 80 мемлекеттік қолдау шарасы бойынша мәліметтер бар. 

"Сонымен қатар осы мәліметтерді автоматты түрде алу мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын атқаратын 7 оператордың ақпараттық  жүйесімен интеграциялау жұмыстары іске асырылды. Қазіргі уақытта жүйе жұмысының нәтижелерін бюджетті жоспарлау кезінде қолдану бойынша тәсілдер әзірленуде", – деді Еркін Беркешев Орталық коммуникациялар алаңында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу