Мемлекеттік көмек берілетін ірі кәсіпорындар тізімі жасақталды

1764

Арнайы комиссия шешімімен 361 компания қолдауға ие болады.  

Мемлекеттік көмек берілетін ірі кәсіпорындар тізімі жасақталды

Мемлекеттік көмек берілетін ірі кәсіпорындар тізімі жасақталды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Тізімге құрылыс, көлік, энергетика, сауда, жылжымайтын мүлікті жалға алу, тау-кен өндірісі мен өңдеу өнеркәсібі енген. Оларға мемлекет кепілдігімен несиелер беріліп, салықтық жеңілдіктер ұсынылған.

Сондай-ақ, рұқсат беру құжаттарын жеделдетіп, қосымша құн салығын қайтару процесін жеңілдету қарастырылған. Кәсіпкерлер өз кезегінде ақылы жұмыс орнын сақтауы қажет.

Бұдан бөлек, тек отандық өнімді тұтынып, жергілікті қызметке ғана жүгінуі тиіс. Келісімшартқа сәйкес төлемдерді уақтылы жүргізіп, ақпарат ашықтығын қамтамасыз етуі керек. Соңғы екі жыл үшін топ-менеджментке аударылатын дивиденттер мен бонустар алынып тасталынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу