Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады

1690

Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады

Осылайша пандемия салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнес өкілдеріне берілетін жеңілдіктердің қатары 29-дан 174-ке дейін көбейді. Сонымен қатар, мемлекеттік мүлік объектілері мен квазимемлекеттік секторда жұмыс істейтін бизнесмендер 1-ші шілдеге дейін жалға алу ақысын төлеуден босатылады.

Экрандағы графикадан көріп тұрғанымыздай, іскер азаматтар жыл соңына дейін мүлік салығы мен жұмыскерлерінің табысынан ұсталатын салықты да төлемейді. Ал заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығына мораторий жаздың екінші айына дейін ұзартылады. Осы шаралардың арқасында биыл жалпы ішкі өнімді 3 пайызға өсіру көзделген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу