Мемлекеттік компаниялар бюджетті майшелпекке айналдырып отыр

795

Ұлттық холдингтерге 12 жылда 7,5 трлн теңге берілді.

Мемлекеттік компаниялар бюджетті майшелпекке айналдырып отыр

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова квазимемлекеттік сектордың жұмысы көңіл көншітпейтінін мәлімдеді. 

"2007 жылдан бастап 2019 жылға дейін холдингтерге ұлттық ресурстардың есебінен 7,5 трлн теңге берілген. Бұл – ел бюджетінің 7 еселенген көлеміне тең. Холдингтердің бұл қаражатты жалпыұлттық мақсатқа жұмсауына мониторинг жүргізілмейді. Бұл жерде квазимемлекеттік субъектілердің әрқайсының рөлін айқындау керек", – деді Наталья Годунова

Есеп комитеті төрағасының айтуынша, мемлекеттік компаниялар республикалық бюджетті майшелпекке айналдырып алған. 

"Мемлекеттен қолдау алуға тиіс қарапайым кәсіпкер жоғарылатылған мөлшерлемемен несие алуға мәжбүр", – деді Наталья Годунова.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу