Мемлекеттік күзет қызметі туралы жарлық көпшілік талқысына шығарылды

Құжат 14 маусымға дейін көпшілік назарында болады.

Мемлекеттік күзет қызметі туралы жарлық көпшілік талқысына шығарылды Фото: halyq Uni

Ашық НҚА порталында "ҚР Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" ҚР Президентінің Жарлығы жарияланды.

"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы арқылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені (бұдан әрі – Ереже) жаңа редакцияда жазу ұсынылады", - деп жазылған Ашық НҚА порталында жарияланған Жарлық жобасында.

Құжатқа сәйкес, Мемлекеттік күзет қызметіне мына өкілеттіктер беріледі:

- Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы белгілеген тәртіпте күзетілетін объектілердің күзеті мен қорғанысын жүзеге асырады, жауынгерлік кезекшілікті атқаруды ұйымдастырады;

- күзет іс-шараларын өткізу орындарында күзетілетін адамдар мен объектілердің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ведомствоаралық үйлестіруді және ұйымдастыруды жүзеге асырады;

- қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясатты құрастыруға және іске асыруға қатысады;

- әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;

- жедел басқаруында тұрған қару-жарақ пен әскери техниканың айналымына бақылауды жүзеге асырады;

- ҚР жергілікті атқарушы органдарымен өзара әрекеттесе отырып жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындық жөніндегі іс-шараларды өткізеді;

- әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізуге қатысады;

- күзетілетін объектілердің терроризмге қарсы қорғалғандығы паспортын келіседі, есебін жүргізеді, сақтайды немесе жояды;

- айрықша мақсаттағы автомобильдердің жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана және Алматы қалаларында автомобиль жолдары немесе автомобиль жолдарының жекелеген учаскелері бойынша олардың жүру жылдамдығы мен маршруттарын айқындауға және осы жолдарда көлік құралдарының жүруіне, аялдауына және тоқтап тұруына шектеу енгізу, жол жүрісінің бағытын уақытша өзгертуге құқылы;

- ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес, шет елдердің арнаулы қызметтерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерін қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында оқытуды, даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыру.

Құжат 14 маусымға дейін көпшілік назарында болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу