"Мемлекеттік басқаруды цифрландыруға қатысты 2 тапсырма берілді. Ол цифрлық трансформация орталығының қызметін күшейтуге қатысты болды. Орталық қазірдің өзінде процестерді реинжинирингтеу бөлігінде нақты нәтиже беріп жатыр. Біз бизнес-процестерді цифрландырдық. Енді, цифрлық трансформация орталығы ретсіздікті автоматтандырмау үшін процестерді қайта қарау бойынша жұмыс жүргізеді. Реинжиниринг арқылы өткен процестер платформалық модельде автоматтандырылады", – деді Бағдат Мусин.
Министрдің сөзінше, қазір 400 ақпараттық жүйе бар. Оларды біріктіруден мәселе туындап, мемлекеттік қызметті электронды алаңға шығаруға кедергі келіп жатыр.
"Платформалық модельге өтудің жиынтығы ретінде data-driven government тұжырымдамасын іске асыруға болады. Бұл мемлекеттік қызметті 100%
смартфон арқылы қолжетімді етуге мүмкіндік береді", – деді министр.
Қанат Махамбет