Атырауда халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Атырау облысы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде әлеуметтік желі мен мессенджерлер, мобильді қосымшалар арқылы көрсетілген қызметтерді қоса алғанда 2,7 млн мемлекеттік қызмет көрсетілген, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
"Чат-канал мен мобильді қосымшалар арқылы көрсетілетін қызметтер жергілікті атқарушы органдарға елдімекендердегі проблемалық жайттарды анықтауға септігін тигізеді. Жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсартуға, халықпен ашық диалог орнатуға ықпал етеді. Оларды ашудағы мақсат- жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуін, жауап беруін қолжетімді қылу, - дейді Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов. – Қазір мемлекеттік қызмет көрсетуге қол жеткізу процесін оңайлататын тағы бірнеше онлайн-құралдар жасалып жатыр. Жергілікті атқарушы органдармен 600-ден астам қызмет көрсетіледі - барлық тізім кезең-кезеңмен автоматтандырылады".
Шапкеновтың айтуынша, оң өзгерістер алдымен сәулет және қала құрылысы, ТКШ, жер қатынастары, құрылыс салаларында болады.
Telegram қосымшасындағы "Атырау облысы әкімдігі" чат-каналы ашылғалы бері ( 2017 жылдың қыркүйегінде) 2200-ден астам өтінім, "Атырау Цифрлық Қабылдау" мобильді қосымшасында 2018 жылдың қаңтарынан бері - 1087 өтінім қаралды. Чат-канал мен мобильді қосымшаны 7 мыңнан астам адам пайдаланады.
Атырау облысындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарымен
2017 жылы 1 176 412 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Ал биыл - 648 915.
Атырау облысы әкімі аппараты мен әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерімен 2017 жылы 1 531 984 мемлекеттік қызмет көрсетілді, 2018 жылдың басынан бері - 611 095 қызмет.