Мемлекеттік қызмет көрсетудің 80%-ы автоматтандырылды

851

Қазақстан жаһандық бәсеке рейтингінің инновациялық көрсеткішінде  95 – орында тұр.  

Мемлекеттік қызмет көрсетудің 80%-ы автоматтандырылды

Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тапсырманы тиісінше орындап шыққанын және бұл өте жақсы нәтиже екенін атап өтті. Оның айтуынша, былтыр мемлекеттік қызмет көрсетудің 80%-ы автоматтандырылды. Биыл мемлекеттік қызмет көрсетудің 90%-ы электронды форматқа ауыстырылады.

"Мемлекеттік қызмет көрсету сапалы әрі тең болуы тиіс. Бүгінгі таңда қала мен ауылдағы интернетте айтарлықтай айырмашылық бар. Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы да айтты. Біз ел ішінде цифрлық теңсіздікке жол бермеуіміз керек. Бұл ретте цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жылдам әрі қолжетімді интернетпен қамту бойынша стратегиялық маңызы зор міндет қойылып отырғанын атап өткім келеді", – деді Президент әкімшілігі басшысының орынбасары.

Тимур Сүлейменовтің сөзінше, жаһандық бәсеке рейтингінің инновациялық әлеуеті көрсеткішінде соңғы 3 жылда Қазақстанның нәтижесін 36 тармаққа төмендеген. 

"Қазір біз 95 – орында тұрмыз", – деді ол.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу