Мемлекеттік қызмет мектебіне түсуге үміткерлер тест тапсырды

1798

Мақсат мемлекеттік қызметке талантты әрі белсенді жастарды тарту және мемлекеттік органдарда жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік беру.

Мемлекеттік қызмет мектебіне түсуге үміткерлер тест тапсырды

Шымкент қаласының тағы екі ЖОО студенттері Мемлекеттік қызмет мектебіне іріктеу сынағынан өтті. Бұл жолы мектепке түсуге М.Әуезов атындағы ОҚМУ және Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінің 100-ге жуық студенті үміткер болды, деп хабарлайды жемқорлықтың алдын алу комитеті.

Мемлекеттік қызмет мектебіне бірінші іріктеу кезеңі ҚР Конституциясы, ҚР Мемлекеттік қызмет туралы заңы және мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексі бойынша сұрақтардан тұратын тестілеу түрінде өтті.

Тестілеуге Шымкент қаласы ЖОО-ларының 4-курс студенттері тегін қатысты.

Өз білімін растаған студенттер мемлекеттік қызмет мектебінде оқып, қаланың мемлекеттік органдарында тәжірибеден өте алады, бұл алдағы уақытта олардың мемлекеттік қызметке кіруіне ықпал етеді.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында Шымкент қаласында мемлекеттік қызмет мектебі өз жұмысын бастаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу