banner

Мемлекеттік қызмет туралы заңға түзету енгізіледі

629

"Қоғамдық кеңестер туралы" заң жобасы осы жылдың соңына дейін қабылдануы мүмкін.

Мемлекеттік қызмет туралы заңға түзету енгізіледі Фото: parlam.kz

Мәжіліс Мемлекет басшысының жолдауын заңнамалық тұғыдан қамтамасыз етуге кірісті. Палатаның жалпы отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай деп мәлімдеді. 

"Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің жолдауында уақыт талабына сай даму бойынша негізгі бағыттарды және батыл қадамдарды көрсетіп берді. Ол – еліміздегі барлық салаларға арналып отыр. Сондықтан, осы бастамаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету - депутаттық корпустың негізгі міндеті болып табылады. Ең алдымен, жыл соңына дейін мемлекеттік қызмет жүйесін қайта жаңғырту үшін мемлекеттік қызмет туралы заңға түзету енгізу қажет", – деді ол. 

Бұған қоса Мәжіліс төрағасы алда қаралатын заң жобалары туралы сөз қоғады. 

"Депутаттарға құқық қорғау және сот жүйесін реформалау, бизнесті құқық қорғау органдарының шамадан тыс араласуынан қорғау, сондай-ақ азаматтарды, әсіресе балаларды кибербұзушылықтан қорғау үшін заңнамалық негіз қажет. Сонымен қатар, Мәжілісте қаралып жатқан "Қоғамдық кеңестер туралы" заң жобасы осы жылдың соңына дейін қабылдануы керек. Президенттің "Қоғамдық бақылау туралы", сондай-ақ "Ақпаратқа қол жетімділік туралы" заңды әзірлеу және қабылдау туралы тапсырмасы да өзекті. Біздің алдымызда көптеген ауқымды жұмыстар тұр", – деді ол.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу