Мемлекеттік қызметке іріктеу: Азаматтар конкурсқа онлайн да қатыса алады

277

Мемлекеттік қызмет саласын цифрландыру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Мемлекеттік қызметке іріктеу: Азаматтар конкурсқа онлайн да қатыса алады Фото: ortcom_kz

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"e-Qyzmet.gov.kz" сыртқы интернет порталына биылғы 1 наурызда 6 мемлекеттік орган пилоттық негізде қосылды. Қазір 22 мемлекеттік орган бар. 1 шілдеден бастап тағы 22 мемлекеттік орган бұл тізімге енгізіледі. 

Азамат Жолмановтың айтуынша, жаңа жобаның ерекшелігі – азаматтар конкурстың барлық кезеңіне онлайн түрде кез келген жерден және қалаған уақытында қатыса алады. Тараптар арасында мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін үміткерлерге оларды сәйкестендіру нөмірі ұсынылады.

"Сондай-ақ адами факторды болдырмау үшін конкурс рәсімінің ашқтығын тәуелсіз прокторинг жүйесі қамтамасыз етеді. Конкурс жеңімпазы барлық кезең қорытындысы бойынша жиынтық баллмен анықталады. Жеңімпаз жүйемен дербес анықталады. Конкурстық комиссия анықтамайды. Нәтижесінде, жаңа жоба бойынша өткізіліп жатқан конкурстар бойынша 1 орынға қатысуышылар саны 4,6 адамға дейін артты. Ал, қолданыстағы іріктеу тәсілімен салыстырғанда қатысушылардың саны 2, 7 есеге артты", – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу