Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа алгоритмі әзірленді

543

Заңнаманы білуге арналған 4 нормативтік құқықтық актілер бойынша тестілеуден 24/7 режимінде өтуге болады.  

Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа алгоритмі әзірленді Фото: egemen.kz

Іріктеудің жаңа тәсілдерін 2023 жылы "Е-қызмет" ақпараттық жүйесінде пилоттық апробациядан өткізу жоспарлануда.Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев Астана қаласында өткен "Мемлекеттік қызметтегі HR: персоналды стратегиялық басқаруға көшу" HR форумында баяндады, деп жазады inbusiness.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметке орналасу конкурстарының әділдігін қамтамасыз ету үшін "Е-қызмет" ақпараттық жүйесінің сыртқы порталында мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу алгоритмі әзірленіп, конкурстық рәсімді өткізу форматы қайта қаралды. Конкурстық рәсімнің жаңа форматы үміткерлерге алдын ала белгіленген уақытта өтетін әңгімелесуден басқа барлық кезеңдерде кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді", – деді Дархан Жазықбаев.

Әзірленген іріктеу алгоритмі – заңнаманы білуге арналған 4 нормативтік құқықтық актілер бойынша тестілеуді; қабілеттілік пен құзыреттілікті тестілеуді; басшылық лауазымдар үшін – эссе жазуды; салалық және тәуелсіз сарапшылардан, HR мамандар, Әдеп жөніндегі уәкілдерден тұратын конкурстық комиссиямен әңгімелесуді қамтиды.

"Сонымен бірге, мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіру мақсатында жекелеген саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің, атап айтқана "А" корпусы және "Б" корпусының жоғары лауазымдары саяси лауазымдарға әлеуетті кандидаттардың құзыреттілігін 2 жылда бір рет ассессмент-орталықтың көмегімен бағалау қарастырылуда. Агенттік кем дегенде 1800 адамға ассессмент өткізуді көздеп отыр" - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу