Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі наурызда іске қосылады

448

Биыл "Е-қызмет" жүйесінде кадрлық процестер жаңартылады.  

Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі наурызда іске қосылады Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Іріктеу конкурсты өткізу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады. Эссе жазу кезеңі басшылық лауазымдарға ғана міндетті болады. Жүйе арқылы үміткердің жеке кабинетіне жіберілген сілтеме бойынша бейнебайланыс жүргізіледі. Автоматтандырылған іріктеу 1 наурызда іске қосылады. Ол жыл соңына дейін 5 мемлекеттік органда, оның ішінде 3 орталық және екі жергілікті атқарушы органда өтеді. Жүйе оң нәтиже берген жағдайда келесі жылдан бастап барлық мемлекеттік органдарда енгізіледі", - деді агенттік төрағасының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу