Мемлекеттік қызметкерді камера мен мәтін жазуға үйрететін мектеп керек – Дана Нұржігіт

1838

"Министрлер сауал қойсақ – қашады, жазбаша сұратсақ дұрыс жауап бермейді".

Мемлекеттік қызметкерді камера мен мәтін жазуға үйрететін мектеп керек – Дана Нұржігіт

"Четвертая власть.КЗ" сайтының тілшісі Мадина Жатқанбаева журналистік зерттеуге елде кедергі көп екенін айтады. Ол БАҚ туралы заңға өзгеріс енгізілгелі жатқанын еске салып, экс-журналист, қазіргі депутат Дана Нұржігіттің көзқарасын сұрады.

"Сұрағыңызды түсініп отырмын. Хатқа жүрдім-бардым жауап алатын кездер менің де басымда болды. Өкінішке қарай, материал толық болмай қалады. Құрғақ сөзбен материалды эфирге шығаруға мәжбүр болатын жағдай өте көп. Мемлекеттің басқару жүйесіне жаңа түсінігі бар, қоғамның ашық екенін түсінетін менеджерлер келуі керек. Дәл сол сұраққа қоғам жауап күтіп отырғанын түсінетін қызметкерлер келуі керек. Біз мұны талап етуге тиіспіз. Өткенде президент "бізде саяси менеджмент мектебі жоқ" дегенді айтты. Демек болып жатқан жағдайларды қоғам білуге құқылы екенін түсінудің алғашқы сатысында ғана тұрмыз. Аңғарғаным, билік орындарында жүрген азаматтардың көбіне газет, экран бетіне шығуға мектеп керек. Оларды камераға, баяндама жасауға, мәтін жазуға үйрететін мектеп керек", – дейді Дана Нұржігіт.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу