Мемлекеттік қызметкерге кәмпит бергендер айыппұл арқалады

868

Оның біріне 481 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Мемлекеттік қызметкерге кәмпит бергендер айыппұл арқалады

Мемлекеттік қызметкерге бір қорап кәмпит пен тәттілер сыйлағаны үшін, бірнеше адам жауапқа тартылды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жайт Солтүстік Қазақстан облысында орын алған. Жергілікті тұрғынға мемлекеттік кіріс комитеті қызметкеріне тәтті-пәтті сыйлағаны  үшін  481 000 теңге көлемінде айыппұл салынды, яғни сот шешімімен оған екі жүз айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл бекітілді.

Осыған ұқсас тағы бір факт тіркелген.

Жемқорлыққа қарсы ведомства өкілдері жаңа жыл қарсаңында мемлекеттік қызметкерлерге алғыс ретінде сыйлық жасауды қою керек дейді. Тіпті осындай фактіге куә болғандардың шұғыл байланыс орталығына хабарласуын сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу